Аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген" Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары " негізінде жүргізіледі
Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жоспар
Аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген" Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары " негізінде жүргізіледі
Аттестаттау мақсаты: аттестаттау педагог қызметкердің және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Аттестаттау міндеттері:
1) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметтік іс-әрекетіне байланысты мемлекеттік білім беру саясатында айқындалатын міндеттерді іске асыруға олардың жеке-кәсіптік дайындығын арттыру;
3) қызметтік іс-әрекет шеңберінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарды үздіксіз білім алуға ынталандыру болып табылады.