2023 жылғы 16 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында "№ 4 орта мектеп" КММ-де математика, информатика, физика бойынша онкүндік өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың математикаға, информатикаға, физикаға деген қызығушылығын арттыру; осы пәндер бойынша білімдерін кеңейту; оқушылардың жауапкершілігі мен еңбекқорлығына тәрбиелеу.
Оқушылар математика, физика, информатика пәндері бойынша түрлі конкурстарға, ойындарға белсенді қатысты. Сабақтар оқытудың белсенді түрлерін қолдана отырып өтті: ойын-жарыс, проблемалық мәселелерді шешу. Үй тапсырмасын тексеру, білімді жаңарту, ауызша санау, жаңа материалды түсіндіру кезінде слайд-презентациялар қолданылды. Онкүндікке белсенді қатысқаны үшін оқушылар грамоталармен және оң бағалармен марапатталды. Оқушылар дербестік, белсенділік, шығармашылық көрсетті, өз білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдана білуді, топта жұмыс істеуді, өз көзқарастарын дәлелдей білуді көрсетті.