Меню KDT

Жаналықтар

«Мектепке жол-2022» акциясы - «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық»

«Мектепке жол-2022» акциясы -

«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық»

Қазақстан бойынша  «Мектепке жол-2022» Республикалық жыл сайынғы акциясы басталды. Биыл акция « Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі. Жыл сайынғы іс-шара жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санатындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

 Бей-жай қалмайтын адамдар, қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткісі және қатысқысы келетіндердің бәрі қажетті заттарды: мектеп формасы, аяқкиім, кеңсе тауарларын  Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 274  мекенжайы бойынша орналасқан  «№4 орта мектеп» КММ-нің 44-кабинетіне әкеле алады.

Акцияны өткізу кезеңінде қалалық әкімдікте «Жаппай оқыту» қорының қаражаты  есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан 1-11 сынып оқушылары үшін, сондай-ақ жетім балалар  мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін  тегін тамақтануға құжаттарды жинау жүргізіледі.

Мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Сіз көрсеткен көмек жақсылыққа қызмет етеді: балаларға қамқорлық пен көңіл бөлуге көмектеседі. Осылайша, бұл балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға мүмкіндік береді.


БАЛАЛАР - БІЗДІҢ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҒЫМЫЗ!!!



Просмотров: 253

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

КММ "№4 орта мектеп" директордың м.а.

Сұхбат

Статистика

  • Осы айда212
  • Осы аптада54
  • Кеше5
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер