2022 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 10.00-де №4 орта мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Окушылар үшін мереке болды.
Мектеп директоры Бустекова Ғафура Сабырқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оқушыларға өз бастамаларына табыс тіледі. Жиынға құрметті қонақтар қатысты: СҚО Білім басқармасының бас маманы Макишев Кенжибай Карибаевич, ол жаңа оқу жылында балаларға білім, ал мұғалімдерге шыдамдылық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.
Мерекенің басты кейіпкерлері алғаш рет мектептің табалдырығын аттаған 1-ші сынып болды. Мереке куні оте жаксы денгейде өтті. Алғашкы қоңырау сылдыры оқу жылының басталуын білдірді.Мектеп оқушылары үшін "білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм"тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.Балалардың алдында-сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ,бір сөзбен айтқанда, қызықты мектеп өмірі күтіп тұр.
Сынып сағаттары және "ерлік" сабағын өткізу туралы ақпарат.
Салтанатты жиыннан кейін оқушылар сынып сағаттарына шақырылды. "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм"тақырыбында сынып сағаттары ойын түрінде, сондай-ақ жас ерекшеліктерін ескере отырып, викториналар түрінде өткізілді, балалар жазғы демалыстан кейін алған әсерлерімен бөлісті. Сыныптарда жайлы, достық атмосфера болды. 9-сыныпта Ауған соғысының ардагерлері қатысты.Сынып сағаты кезінде патриотизм мен батылдық туралы айтылды.