Петропавл қаласының №4 орта мектебінде 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні «Тілдер күні» аясында даярлық тобы бүлдіршіндері арасында «Тілім- мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты: Мемлекетттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Бүлдіршіндер мемлекеттік тілде өлеңдерді жатқа айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді және жапсырмалармен жұмыс істеді. Сабақтың қорытындысы бойынша бүлдіршіндер белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараны өткізген мұғалім: А.А. Сарсекова.