22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Үштілділік жарқын болашақ кепілі» атты фестиваль өтті
22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Үштілділік жарқын болашақ кепілі» атты фестиваль өтті.Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Шара барысында мұғалімдер оқушыларды мерекемен құттықтады. Оқушылар үш тілде өлең жолдарын мәнерлеп оқып, қазақ ,ағылшын тілдерінде әндерін паш етті. 5 сынып оқушылары « Репка» ертегісінен үш тілде қойылым ұсынды. Мереке соңында мектеп оқушылары Алғыс хаттармен марапатталды.



Просмотров: 169
Комментарии