Бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын өткізу онкүндігі
Сабақта проблемалық жағдаят құрылады, оқушылар бұрыннан алған білімдері мен дағдыларына сүйене отырып, бұл мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздейді. Тапсырманың өзі нәтижені табуда қиындық тудырмайды, осылайша проблемалық жағдай ұтымды шешім іздеуге түрткі болады.
Әрбір оқушы үшін табысқа жету жағдайы жасалды, бұл да оқуға деген ынтасын арттыруға және танымдық қызығушылықты сақтауға көмектесті.


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
"№4 орта мектеп"КММ 1 сынып оқушылары арасында "Көңілді старттар" іс-шарасы өткізілді.
Эстафеталар әр түрлі болды, 1 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды.
Іс-шара қызықты әрі көңілді өтті, балалар жақсы көңіл күйде болып, барлық эстафеталарға қатысты.
Жарыстың соңғы кезеңінде эстафетаның қорытындысы шығарылды. 1-орынды "Спортики" (1 "А" сыныбы), 2-орынды "Стрела" (1 "В" сыныбы), 3-орынды "Радуга" (1 "Б" сыныбы) иеленді




Сабақ 4 «Д» сыныбында өтті.
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу
Сабақ өте жайлы ортада өтті. Барлық оқушылар жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, сабақтағы қарым-қатынас тек мұғалім мен оқушылар арасында ғана емес, оқушылардың бір-бірімен ара қатынасы жайлы болды. Бұл балалардың қарым-қатынас сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етті және одан әрі табысты болуға көмектесті. Сабақтың соңында рефлексия болды және өзін -өзі бағалау жасалды.



Бастауыш сыныптардың әдістемелік апталығы аясында 4 «Г» сыныбында жаратылыстан пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесінің құндылығы».
Сабақта «Сезім мүшелері қалай жұмыс істейді?» атты зерттеу жүргізілді.
Жұмысқа әр оқушықатысты .Жүйке жүйесінің маңызы туралы балалардың өздері қорытынды жасады




Бүгін, бастауыш сыныптары онкүндігі аясында 2 «Г» сыныбында ағылшын тілі сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: “Around school”. Сабақ барысында оқушылар жаңа лексиканы пайдалану арқылы өздерінің сөйлеу қабілеттерін арттырып, мектеп айналасын сөз етті.

Бастауыш сыныптары онкүндігі барысында ағылшын тілі мұғалімі Айтымова Н.С. 4 «В» сыныбында «Englishland» атты сабақтан тыс іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ребус, сөзжұмбақ шешуге ұсынылды. Түрлі ойындар ойнап, нейрогимнастика жасап, графикалық диктант жазды.
Просмотров: 189
Комментарии