1 желтоқсан, Дүниежүзілік жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күні
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешіміне және 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес Дүниежүзілік жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күні атап өтіледі.
Бүгін 4 орта мектепте үшінші емхана маманы СӨС орталығының медицина қызметкері Абденова Харлыгаш Габбасовна 8-сынып оқушыларымен жеке гигиена ережелері, АИТВ-инфекциясынан қорғауға көмектесетін адамгершілік мінез-құлық нормалары туралы әңгімелесті.
Әңгімелесудің мақсаты-өзіне, өз денсаулығына, салауатты өмір салтын ұстану қабілетіне мұқият қарауға тәрбиелеу.

Просмотров: 146
Комментарии