Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 5 «А,Б,В,Г» сыныптары арасында «Жүрегі таза, ойы азат» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізілді
9 наурыз күні № 4 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 5 «А,Б,В,Г» сыныптары арасында «Жүрегі таза, ойы азат» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізілді. Бұл іс-шара бәрімізге белгілі қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығымен әдебиет әлеміне өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – М.Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл толуына байланысты және ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналды. Бұл шараның мақсаты-ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Еңбексүйгіш, адами қасиеттерін тәрбиелеу.
Оқушылар өз ойларын толықтырып, М.Жұмабаевтың кім? екендігін топтастыру әдісі бойынша постер қорғап берді, әр топ оқушылары ақын М.Жұмабаевтың өлеңдерінен үзінділер оқып берді.
Просмотров: 124
Комментарии