2023 жылдың 16 наурызында Наурыз мерекесіне орай №4 орта мектепте 1-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Барлығы 32 қатысушы қазақ тілінде "Наурыз" "Наурыз Көктем" "Наурыз әні"өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасының құрамына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Құсайынов А А., Сарсекова А А., Қазиева Э Т., және мектеп кітапханашысы Наталья Эдуардовна кірді. Қазылар алқасы өлеңді мәнерлеп оқуға, мәтінді жатқа білуге ерекше назар аударды. Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы барлық оқушылардың жақсы дайындығын атап өтіп, әр сыныптан 3 жеңімпазды анықтады.