Лауазымдарға конкурс
Педагог лауазымына орналасуға конкурс
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СҚО Петропавл қ., Нұрсұлтан Назарбаев к., 274
Тел. 87152512405, 87152512404
Электрондық мекенжайы: sko_shkolav4@sqo.gov.kz
Бос лауазымдардың атауы: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, педагог-ассистент, педагог-кәсіби бағдар беруші, музыка мұғалімі, бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:
- оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
- мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
- педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
- ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
- қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.
- пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
- пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
- білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
- білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
- педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
- тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
- жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;
- оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
- оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
- педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
2. Педагог-психологтің лауазымдық міндеттері:
- Оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;
- білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;
- инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
- әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
- дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
- білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;
- педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;
- белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
- педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
- Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
- білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
- жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;
- білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
- жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
- білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
педагогикалық этиканың нормалары;
дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;
жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері,
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Педагогика және психология», «Әлеуметтік ғылымдар» («Психология» білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
III. Педагог-ассистенттің міндеттері:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
- білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
- оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;
- белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
IV.Педагог-кәсіби бағдар берушінің міндеттері:
- мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
- оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
- білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
- қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
- кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
- кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
- белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
- балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
- IV. Орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығын ұйымдастырушы-педагогтің функционалдық міндеттері
- білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
- оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
- басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
- білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
- әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
- әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;
- оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы»мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім,запастағы офицерлер, офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
- V. Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің міндеттері
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
- пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
- бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
- журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
- оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
- арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
- ата-аналарға кеңес береді;
- кәсіби құзыреттілікті арттырады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Біліктілік талаптар мен лауазымдық міндеттер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда № 5750 болып тіркелген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) берілген.
Еңбекке ақы төлеудің мөлшері және өзге де шарттары:
Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес лауазымдық жалақы белгіленеді.
Жалақы ақшалай түрде төленеді: ай сайын шот карталарына, әр айдың 20-сы- аванс, келесі айдың 10-на дейін-жалақы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2023-23.06.2023 жыл
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидалардың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 10-қосымша |
| |
| Нысан | |
| ____________________________ Конкурс жариялаған мемлекеттік орган | |
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы | Оқыту кезеңі | Диплом бойынша мамандық |
| | Жүктеу |
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларына 11-қосымша | |
| Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл сандары (1-ден 20-ға дейін) | |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | Техникалық және кәсіби = 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3 балл Магистр = 5 балл Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл | |
2. | Ғылыми/академиялық дәрежесі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10 балл | |
3. | Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау | Сертификат | "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл | |
4. | Біліктілік санаты | Жеке куәлік, басқа құжат | Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл | |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі | Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат | Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл | |
6. | Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін | Білімі туралы дипломның қосымшасы | Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл | |
7. | Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат | Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) | Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл | |
8. | Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері | - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары; - мемлекеттік награда | 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл ғылыми жобалардың = 1 балл 2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл | |
9. | Әдістемелік қызметі | -авторлық шығармалары, басылымдары | ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл | |
10. | Қоғамдық-педагогикалық қызметі | Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат | тәлімгер = 0,5 балл ӘБ басшылығы = 2 балл Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл | |
11. | Курсқа дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft" Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) "TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry " | ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары = 0,5 балл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) | |
12. | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог | Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты | 3 балл қосылады | |
Барлығы: | |
Просмотров: 334
Комментарии