Меню KDT

Жаналықтар

Қызметке қабылдау конкурсының нәтижелері

 

 

«№4 орта мектеп» КММ-нің

конкурстық комиссиясы отырысының

2023 жылғы 27 маусымдағы

№4 хаттамасы

 

 

 

2023 жылғы 27  маусым сағат 11-00   

                      мекенжай: Н.Назарбаев  к., 274

 

 

Қатысты:

  Конкурстық  комиссия мүшелері:

1.Қоңқарова Гүлжанат Нәбиқызы-директордың ОЖ жөніндегі орынбасары;

2.Черепанова Евгения Александровна- «Петропавл қаласының білім бөлімі»КММ әдіскері;

3.Молдыбаева Жәния Таутасқызы-химия мұғалімі;

4.Лапшина Ирина Владимировна - география мұғалімі;

5.Махметов Ғұмар Ляисұлы-денешынықтыру мұғалімі;

Конкурстық комиссия отырысын  Қоңқарова  Г.Н. жүргізді.

Бар бос орындарға байланысты «№ 4 орта мектеп» КММ  2023 жылғы  27 маусымда педагогтер лауазымына орналасуға конкурс жариялады:

  • Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-1;
  • педагог-психолог – 1;
  • педагог-ассистент -1;
  • педагог- кәсіби бағдар беруші - 1;
  • музыка мұғалімі;
  • орта білім беру ұйымдарының педагог- бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы

Күн тәртібі:

  1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес «№ 4 орта мектеп»КММ-де бос лауазымға орналасуға кандидаттардың құжаттарын қарау.

«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (2022.12.22 № 513 бұйрықтағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидалардың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Қоңқарова  Г.Н.   комиссияға:

  • директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына орналасуға Әнуар Талғатұлы Байгузиновтан,
  • орта білім беру ұйымдарының педагог- алғашқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысының бос лауазымына орналасуға Әнуар Талғатұлы Байгузиновтан,
  • педагог-психологтің бос лауазымына орналасуға Саржанова Гүлмира Бағдатқызынан  өтініш түскенін айтты.

Комиссияға  музыка мұғалімінің, педагог -ассистенттің, педагог - кәсіби бағдар берушінің бос лауазымына орналасуға өтініш түскен жоқ.

Педагогтердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия отырысының шешімі.

Бағалау парағына сәйкес үміткерлер келесі ұпай санын жинады:

Т.А.Ә.

 Балл саны

Орын

1.

Байгузинов Әнуар Талғатұлы

26,5

1

2.

Байгузинов Әнуар Талғатұлы

26,5

1

3.

Саржанова Гүлмира Бағдатқызы

25

2

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,  алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог лауазымдарына кандидаттар ұсынған құжаттарды қарағаннан кейін конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Музыка мұғалімі, педагог-ассистент, педагог-кәсіби бағдар берушінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың болмауына байланысты конкурс өткізілмеді деп тану.
  2. Конкурс және дауыс беру нәтижелері конкурс жеңімпазын жұмысқа қабылдау үшін негіз деп санау.
  3. Біліктілік талаптарына сәйкес педагогикалық қызмет құқығынсыз директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына орналасуға конкурс жеңімпазы деп Байгузинов Әнуар Талғатұлын санау.

Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы педагогтің бос лауазымына орналасуға конкурс жеңімпазы деп Байгузинов Әнуар Талғатұлын санау.

Байгузинов Әнуар Талғатұлын бос лауазымды таңдау құқығымен комиссия шешімімен танысу үшін әңгімелесуге шақыру.

Педагог-психологтің  бос лауазымына орналасуға конкурс жеңімпазы деп Саржанова Гүлмира Бағдатқызын санау.

  1. Конкурсты өткізу нәтижелерін мектеп сайтында орналастыру.

Дауыс беру нәтижелері: конкурстық комиссияның барлық мүшелері бірауыздан қолдады.

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 182

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

КММ "№4 орта мектеп" директордың м.а.

Сұхбат

Статистика

  • Осы айда215
  • Осы аптада52
  • Кеше6
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер