«№4 орта мектеп» КММ-нің
конкурстық комиссиясы отырысының
2023 жылғы 12 шілдедегі
№5 хаттамасы
2023 жылғы 12 шілде, сағат 15-00
мекенжай: Н.Назарбаев к., 274
Қатысты:
Конкурстық комиссия мүшелері:
1.Қоңқарова Гүлжанат Нәбиқызы-директордың ОЖ жөніндегі орынбасары;
2.Черепанова Евгения Александровна- «Петропавл қаласының білім бөлімі»КММ әдіскері;
3.Молдыбаева Жәния Таутасқызы-химия мұғалімі;
4.Лапшина Ирина Владимировна - география мұғалімі;
5.Махметов Ғұмар Ляисұлы-денешынықтыру мұғалімі;
Конкурстық комиссия отырысын Қоңқарова Г.Н. жүргізді.
Бар бос орындарға байланысты «№ 4 орта мектеп» КММ 2023 жылғы 29 маусымда педагогтер лауазымына орналасуға конкурс жариялады:
Күн тәртібі:
«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (2022.12.22 № 513 бұйрықтағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидалардың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Қоңқарова Г.Н. комиссияға 6 өтініш:
Комиссияға музыка мұғалімінің, педагог -ассистенттің, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог - кәсіби бағдар берушінің бос лауазымына орналасуға өтініш түскен жоқ.
Педагогтердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия отырысының шешімі.
Бағалау парағына сәйкес үміткерлер келесі ұпай санын жинады:
№ | Т.А.Ә. | Балл саны | Орын |
1. | Есенеев Данияр Алексеевич | 7 | 3 |
2. | Бектуров Фархад Дюсенович | 11 | 2 |
3. | Турунцева Анастасия Александровна | 5 | 4 |
4. | Лукьяненко Роман Олегович | 14,5 | 1 |
5. | Дундуков Виктор Иванович | 13,5 | 1 |
| Көпеева Алма Ералымқызы | 9,5 | 1 |
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, математика мұғалімі, денешынықтыру мұғалімі лауазымдарына кандидаттар ұсынған құжаттарды қарағаннан кейін конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
денешынықтыру мұғалімінің бос лауазымына орналасуға денешынықтыру мұғалімі Лукьяненко Роман Олеговичті,
математика мұғалімінің бос лауазымына орналасуға Дундуков Виктор Ивановичті,
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің бос лауазымына орналасуға бос лауазымына орналасуға Көпеева Алма Ералымқызын санау.
Дауыс беру нәтижелері: конкурстық комиссияның барлық мүшелері бірауыздан қолдады.