Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік жағдайына қарамастан, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушыны, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады.