«№4 орта мектеп» КММ-нің
конкурстық комиссиясы отырысының
2023 жылғы 18 тамыздағы
№8 хаттамасы
2023 жылғы 18 тамыз, сағат 15-00
мекенжай: Н.Назарбаев к., 274
Қатысты:
Конкурстық комиссия мүшелері:
1.Жұмабаева Айнагүл Нұрланқызы-директордың ТЖ жөніндегі орынбасары;
2.Черепанова Евгения Александровна- «Петропавл қаласының білім бөлімі»КММ әдіскері;
3.Молдыбаева Жәния Таутасқызы-химия мұғалімі;
4.Лапшина Ирина Владимировна - география мұғалімі;
5.Махметов Ғұмар Ляисұлы-денешынықтыру мұғалімі;
Конкурстық комиссия отырысын Жұмабаева А.Н. жүргізді.
Бар бос орындарға байланысты «№ 4 орта мектеп» КММ 2023 жылғы 8 тамызда педагогтер лауазымына орналасуға конкурс жариялады:
Күн тәртібі:
«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (2022.12.22 № 513 бұйрықтағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидалардың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты
тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете
отырып-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы
құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР
ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық
жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе
педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының
болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе
уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Жұмабаева А.Н. комиссияға: Музыка мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,педагог-ассистент, логопед-дефектолог, педагог-психологтің бос лауазымдарына орналасуға бір де өтініш түскен жоқ.