4 қазан күні сынып жетекшісі Мусина Әнипа Жәнібекқызы ақынның туғанына 130 жыл толуына орай «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділет философиясы» тақырыбына ашық сынып сағатын өткізді. Ол шығармасында өз дәуірінің өзекті мәселелерін, білімге зәру қарапайым халықтың өмірін суреттеген.
Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл саналы ғұмырын Отанға қызмет етуге, ағартушылыққа арнаған: «Менің мақсатым – халқымның жолын нұрландыру», – деп жазды ол өз шығармаларында. Оның поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі.
Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты презентация дайындады. Балалар тақпақтар айтты. Мектеп кітапханашысы кітап көрмесін дайындады.
Сөзінің соңында ұстаз Сұлтанмахмұт Торайғыров жастарды дүниені тануға, ғылыммен айналысуға, өзін-өзі дамытуға шақырғанын айтып: «Жастар оқуы керек, олардың жолындағы барлық қиындықтарды тек білім мен еңбек қана жеңуге көмектеседі», - деді. Оның бұл сөздері өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар болып, мәңгілік өсиет болып қала бермек.