2023 жылдың 20 қазанында 4 орта мектепте 6- сынып оқушыларымен «Айтыс өнері» атты сынып сағаты өтті.Оқушыларға айтыс – халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі екендігі жайлы айтылды.. Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кемшіліктерін сынап, оның түзелуіне себепші болатын, тәрбиелік мәні бар өнер түрі болып саналатынына оқушылардың сынып сағаты барысында көздері жетті. Айтыс туралы презентация жасалып, оқушылар видео көрді.Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Әлия Хазизқызы мен өңіріміздің айтыскер ақыны Жарқын Дәуренбекұлы оқушыларға айтыстан үзінді көрсетті. Оқушылар мұғалімдерін сүйіспеншілікпен тыңдап, бұл өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.