"Қазақстан балалары-спортты таңдайды!»
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Балалардың қауіпсіздігі" айлығының жоспарына сәйкес 10 қарашада "Қазақстан балалары спортты таңдайды"атты спорттық мереке өтті.
Мерекенің ашылу салтанатына қатысқандар:
Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы – Динара Болатқызы Рақышева;
Самбо күресінен спорт шебері, джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо күресінен халықаралық санаттағы төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Оның шәкірттері Қазақстан, Азия, Еуропа және әлем чемпионаттарында ең биік тұғырларды иеленді – Денисенко Виктор Николаевич;Конькимен жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері - Роман Сергеевич Креч.
Мереке жоғары эмоционалды толқында өтті. Мерекенің екінші бөлімі «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты спорттық эстафетамен жалғасты. Спорттық және отбасылық мереке бір демде өтті. Әрбір жаңа жарыс сайын жағдай шиеленісе түсті, бірақ спорт қазылар алқасы бірауыздан өзара көмек пен отбасылық келісім жеңеді деген қорытындыға келді.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар үлкен қуат пен жағымды эмоциялар теңізіне ие болды.
Просмотров: 134
Комментарии