Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде Ашық күні
24.11.2023 Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде Ашық күні өтті. Колледж 9 және 11 сынып оқушыларына мамандықтармен таныстыру, оқу және қабылдау шарттары туралы айту үшін есігін айқара ашты. Іс-шараға 184 оқушы қатысты.
Болашақ талапкерлер үшін әр мамандық туралы бейне-роликтер көрсетілді, симуляциялық жабдықтар практикалық мысалдар келтірілді, онда кейіннен жоғары курс оқытушылары мен студенттерінің бақылауымен әрбір тілек білдіруші алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысты, қан тобын анықтады, қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін қабылдау комиссиясының мүшелері барлық сұрақтарға жауап берді.
Просмотров: 112
Комментарии