төтенше жағдайлар бөлімімен кездесу
21.12.2023 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша "№ 4 орта мектеп" КММ базасында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Өкілдер азаматтық қорғау М. Ғабдуллин атында академиясына түсуге үгіт жүргізді. Бұл академияның студенттеріне тегін баспана,тамақ, киім-кешек беріледі. Оқуды бітіргеннен кейін Академияның барлық студенттері 100% жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қызметкерлер құтқарушылардың жабдықтарын, алғашқы көмек көрсету ережелерін көрсетіп, құтқарушылардың жұмысы туралы бейнероликтер көрсетті.
Просмотров: 270
Комментарии