Наурыз айының соңында 9-сынып оқушыларымен «Солтүстік Қазақстан университеті» колледжіне экскурсия өткізілді. Колледждің кәсіптік кеңесшілері студенттермен кездесіп, колледж және мамандықтар туралы қысқаша ақпарат берді. Студенттер мекеменің барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттерін тамашалап, аталмыш оқу орнының әр мамандығымен танысты.



