Психологиялық қызмет-бұл оқушылардың оқу уәждемесін, шығармашылық өзін-өзі тану үлгерімін, мамандандырылған өзін-өзі анықтаудың психологиялық жағдайын тұрақтандыру және оқу іс-әрекетінің басқа да қолайлы жағдайлары қалыптастыру бойынша мектептің алқалы органы.
Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, кеңес беруге, білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетуге және қолдауға бағытталған, білім алушылардың, педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық саулығын сақтауды және нығайтуды көздейді.
Психологиялық қызметтің құрамына мектеп басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,педагог-психолог, әлеуметтік педагог кіреді.
Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша ,әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету бойынша мектептің психологиялық қызмет кабинетіне хабарласуыңызды сұраймыз.