"Табысқа жетудің алғашқы қадамдары: сұрақтар мен жауаптар"
19 қаңтар күні №4 орта мектепте «Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама» тақырыбында өтіп жатқанқалалық жас мамандар апталығының 4 күні өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты:
- болашақ ұрпақты тәрбиелеуде бірлік пен сабақтастыққа жетелеу;
- педагогикалық қызметтің оң және теріс жақтарын талқылау.
№ 4 орта мектептің педагогтары "Табысқа жетудің алғашқы қадамдары: сұрақтар мен жауаптар" мастер-класс дайындады. Іс шараны мектептің педагог-психологы- Саржанова Гүлмира Бағдатқызы «Педагог-бұл кәсіп» баяндамасынан бастады. Мұғалім-тәлімгерлер: Артамонова Ольга Николаевна және Косатова Любовь Алексеевна жас педагогтармен тренинг өткізді. Іс-шараның соңында "Жаңашыл мұғалім"тәлімгер және жас маман сұхбаты көрсетілді.