Меню KDT

Мектеп формасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, ұлттық білім академиясы бекіткен 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы нұсқаулық-әдістемелік хатқа сәйкес. Ы. Алтынсарин, "№4 орта мектеп " КММ әкімшілігі сізге мыналар туралы хабарлайды: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.

Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

 Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдардың мектеп формасы:пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

IMG_20170302_152011.md.jpg

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

КММ "№4 орта мектеп" директордың м.а.

Сұхбат

Статистика

  • Осы айда535
  • Осы аптада118
  • Кеше11
  • Бүгін6
  • Желіде:2

Пайдалы сілтемелер