Меню KDT

Школьная форма

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы. Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясы бекіткен 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы нұсқаулық-әдістемелік хатқа сәйкес. "№4 орта мектеп " КММ әкімшілігі сіздерге төмендегілер туралы хабарлайды:

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.

Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келуі тиіс. Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында, үш түстен аспайтын түстерді араластыруға жол беріледі.  Түс тыныш және ашық емес реңктерден таңдалады.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі. Ол күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.

 

Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде. Ұлдарға арналған шалбар кең пішімді  және ұзындығы тобықтан төмен болуы керек.  

Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, көкірекше, юбка, сарафан, классикалық шалбар мен блузка. Қыздарға арналған шалбар кең пішімді  және ұзындығы тобықтан төмен болуы керек.  

Ұлдар мен қыздардың арналған салтанатты формасы:  күнделікті форма    ақ көйлекпен немесе ақ блузкамен толықтырылады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық киім: Спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка немесе кеды).

Мектеп формасына  негізгі түске сәйкес келетін немесе мектеп формасының түсіне қарама-қайшы келетін классикалық формадағы галстукты кіреді.

IMG_20170302_152011.md.jpg

 

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

и.о. директора КГУ "Средняя школа №4"

введите текст

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц534
  • За неделю159
  • Вчера25
  • Сегодня3
  • Онлайн:0

введите текст