Меню KDT

Жаналықтар

Жас педагогтің онкүндігі 2022 жылғы 25 сәуірден 2022 жылғы 13 мамырды қоса « №4 мектепте» КММ-де «Табыс саған келмейді — сен табысқа жетесің» ұраны астында жас педагогтің онкүндігі өтті.

Жас педагогтің онкүндігі

 

2022 жылғы 25 сәуірден 2022 жылғы 13 мамырды қоса « №4 мектепте» КММ-де  «Табыс саған келмейді — сен табысқа жетесің» ұраны астында жас педагогтің онкүндігі өтті.

 

 Онкүндіктің  басты мақсаты-Мектептің жас педагогтерінің бейімделуі үшін жағдай жасау, олардың кәсіби және жеке қалыптасуына уәждемесін дамыту, педагогикалық ортада кәсіби қарым-қатынасты кеңейту. Онкүндік жұмысына 15 жас педагог: Нұртаева Т .Ж., Әлібаев Е. Ж., Дзортова А. С., Махметова Г. Т., Тұрыбаева А. Н., Төлегенов Т. Б., Жақыпжанов Н. Т., Жақыпова М. Ж., Әйгерім Жақсылық, Руппель Н. Н., Шаяхметова Т. М., Крель Т. Е., Шортаева Ә. М., Кащенко А. В., Қапсытбаева Ә. Н.  қатысты.

   Педагог-тәлімгерлер:  З. Қ.Баймұқанова, Г. Е.Қоспанова, О. Н. Артомонова, Л. В. Трифонова, Э.Т.Қазиева, Ш. Б. Әблемова, Н.С. Степанова әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша жеке кеңес беруді ұйымдастырды. Онкүндік бойы жас мамандар ашық сабақтар  мен  іс-шаралар өткізді. Мұғалімдер өз пәндерінің теориялық негіздерін жақсы білетіндігін, оқытудың түрлі нысандары  мен әдістерін меңгергендігін көрсетті. Онкүндік барысында тәлімгерлер жас педагогтердің ашық сабақтарына қатысып қана қоймай, оларға өзіндік талдауды да үйретті.

 

Жас маман апталығының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда әрбір жас маман әріптестерінің сабақтары туралы өз пікірлері мен алған әсерлерімен бөлісті.


  



Просмотров: 196

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

КММ "№4 орта мектеп" директордың м.а.

Сұхбат

Статистика

  • Осы айда467
  • Осы аптада89
  • Кеше14
  • Бүгін4
  • Желіде:2

Пайдалы сілтемелер